Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2025 жылдың 12 айының қысқаша есебі

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауылдық округ әкімінің аппараты 6 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

  1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  3. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
  4. Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  5. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
  6. Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту.

2025 жылдың 12 айында Көкбастау ауылдық округі әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметтер бойынша 28 өтініш түсті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгені жоқ.

         2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактісі орын алмаған.

         Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі      іс-шаралар жоспары бекітілген.

         Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.

         Сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша  2025 жылы 4 іс-шара ұйымдастырылып (мақалалар, халықпен кездесулер, билбордтар), 123 тұрғын қамтылды. 2025 жылдың 1 сәуірі күні «Цифрландыру жаңа мүмкіндіктерге жол ашады» тақырыбындағы мақала аудандық «Жаңа өмір» - «Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің №23 санына баспаға шығарылды. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрышта орналастырылған.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Дата публикации
22 января 2026