Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының 2024 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтеріне талдау анықтамасы

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

 2024 жылдың ІV тоқсанының қысқаша есебі

 

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауылдық округ әкімінің аппараты 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

  1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  3. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
  4. Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  5. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;

2024 жылдың ІV тоқсаныңда Көкбастау ауылдық округі әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметтер бойынша 1 өтініш түсті.

2024 жылдың ІV тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгені жоқ.

         2024 жылдың ІV тоқсаны бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактісі орын алмаған.

         Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі      іс-шаралар жоспары бекітілген.

         Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.

         Сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша  2024 жылдың ІV тоқсанында  1 іс-шара ұйымдастырылып (мақалалар, халықпен кездесулер, билбордтар), 26 тұрғын қамтылды. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрышта орналастырылған.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

 

Дата публикации
10 февраля 2025