Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2024 жылдың ІІІ тоқсанының қысқаша есебі
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауылдық округ әкімінің аппараты 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
2024 жылдың ІІІ тоқсаныңда Көкбастау ауылдық округі әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметтер бойынша өтініш түскен жоқ.
2024 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгені жоқ.
2024 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі орын алмаған.
Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.
Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.
Сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2024 жылдың ІІІ тоқсанында 1 іс-шара ұйымдастырылып (мақалалар, халықпен кездесулер, билбордтар), 25 тұрғын қамтылды. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрышта орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.