Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2025 жылдың 12 айының қысқаша есебі
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауылдық округ әкімінің аппараты 6 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
2025 жылдың 12 айында Боралдай ауылдық округі әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметтер бойынша 8 өтініш түсті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгені жоқ.
2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі орын алмаған.
Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.
Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.
Сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2025 жылы 4 іс-шара ұйымдастырылып (мақалалар, халықпен кездесулер, билбордтар), 121 тұрғын қамтылды. 2025 жылдың 28 наурыз күні «Қызмет сапасы жоғарыласа азаматтардың сенімі артады» тақырыбындағы мақала аудандық «Жаңа өмір» - «Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің №22 санына баспаға шығарылды. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрышта орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.