ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауылдық округ әкімінің аппараты 6 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
6.Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту.
2025 жылдың ІV тоқсаныңда Билікөл ауылдық округі әкімінің аппаратына мемлекеттік қызмет бойынша 1(бір) заңды тұлғадан 3(үш) жеке тұлғадан өтініш түсіп заң талаптарына сәйкес жауап берілді.
2025 жылдың ІV тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгені жоқ.
2025 жылдың ІV тоқсаны бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі орын алмаған.
Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.
Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.
Сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2025 жылдың ІV тоқсанында іс-шара ұйымдастырылып (халықпен кездесулер, билбордтар), 12 азамат қамтылды. 2025 жылдың 22 желтоқсан күні Билікөл ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Ж.Әшірханның ұйымдастыруымен Қарабастау ауылының тұрғындарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен оны алудың жолдары туралы хаықпен кездесу өтті.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері Билікөл ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында арнайы бұрышта орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.