Жуалы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, Б.Момышұлы ауылы, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша кезекке қою туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қағидалардың 19-тармағына сәйкес Жуалы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік қолдау шараларын (жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы) алуға өтініш білдірген үміткерлер қатарынан денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандар қосымшаға сәйкес мамандардың өтініш берген күні бойынша кезектілік қалыптастырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Базарбайұлы Жабағыға жүктелсін.

Дата публикации
21 февраля 2024