«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жуалы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келіп, әлеуметтік қолдау шараларын алуға (жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы) және (тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит) алуға өтініш білдірген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандары, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері Қағидалардың 19-тармағына сәйкес, әлеуметтік қолдау шараларын алушы үміткерлердің қатарынан мамандардың өтініш берген күні бойынша қосымшаға сәйкес кезектілік қалыптастырылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жабағы Асхат Базарбайұлына жүктелсін.