Қызмет көрсету сапасына қанағаттанбайсыз ба? EgovKzBot2.0 TELEGRAM-БОТ арқылы мәзелеңізді оңай әрі жылдам шешіңіз
Ер есімі - ел есінде!
Бүгін қазақтың біртуар ұлы, Кеңес Одағының батыры, әскери қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлының туылғанына 114 жыл толып отыр. Осы мерекеге орай, Ақсай ауылдық округі және Мыңбұлақ ауылдық округі мекеме ұжымдары бірігіп, ұлы батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ауыл ақсақалдары батыр атамыздың рухына құран бағыштап, атамыздың ерлігі туралы тарихтан сыр шертіп, соңынан жастарға ізгі тілектерін айтып, бата берді.
Жиын соңында ауыл ақсақалдарына кішігірім дастархан жайылып, №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушылары батыр атамыздың өлеңдерін оқып, домбырамен күй тартты.
🔰 ҚАЙРАТ АУЫЛЫ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» АТАНДЫ
♦️«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясын іске асыру бойынша облыс көлемінде ұйымдастырылған «Үлгілі ауыл» жобасына – Жуалы ауданың Ақсай ауылдық округі Қайрат ауылы қатысып, байқау қорытындысына сәйкес II орын иеленді.
🖋️ Бұл жоба ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымының жақсаруына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Қайрат ауылының жетістігі – ауыл тұрғындарының бірлігі мен еңбегінің нәтижесі.
Барша аудан тұрғындарын құттықтаймыз!
Ақсай ауылдық округі Диқан ауылы Абай және Жамбыл көшелеріне "Ауыл ел - бесігі" бағдарламасы аясында орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Мердігер "Мерей Строй Инвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Ақсай ауылдық округіне қарасты Диқан ауылына жаңа футбол алаңшасы пайдалануға берілді.
Ақсай ауылдық округі Қайрат ауылы Әбдеш Беделбаев көшесіне "Ауыл ел - бесігі" бағдарламасы аясында орта жөндеу жұмыстары жұргізілді.
Мердігер "Мерей Строй Инвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
🔰ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 🔹Жуалы ауданының Ақсай ауылдық округі Қайрат ауылында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа мәдениет үйі ашылды. 🔹Ашылу салтанатына Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Асхат Жабағы қатысты. Асхат Базарбайұлы өз сөзінде: – Бұл жерде әлемге аты әйгілі дарынды тұлғалар тәрбиеленіп шығарына сенеміз. Жаңа мәдениет үйінде халықтың рухын көтеруге бағытталған әлеуметтік маңызы бар, мәдени шаралардың жиі өтуі маңызды, - дей келе ауылдықтарды қуанышымен құттықтады. 🔹Жаңа ғимараттың лентасын қию рәсімі Ақсай ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Аманжол Дүрәліұлы мен Жуалы ауданының құрметті азаматы, ауыл ақсақалы Әбілқасым Ергебековке берілді. Шара барысында мердігер мекеме директоры Бексапар Үсербаев аудандық мәдениет үйінің директоры Салтанат Біләнқызына кілтін табыстады. Мерекелік кешіміз әрі қарай, Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. 🔹Жаңадан бой көтерген 150 орындық Қайрат ауылдық мәдениет үйінің құрылысы 2021 жылы бастау алған болатын. Мәдениет үйі заманауи технологиямен жабдықталған
Бүгін Жуалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры Алимбеков Мейрхан Жартыбайұлы және Жуалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы азаматтық қорғау капитаны Мағыртай Бахтияр Батырбекұлы Ақсай ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлеріне жаз мезгіліндегі дала өрттерінен қалай сақ болу керектігі және өрт шыққан жағдайда қалай әрекет ету керектігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Құрметті ауыл тұрғындары қазір жаз мезгілі болғандықтан дала өрттері жиі орын алады, сондықтан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұранамыз. Өрт болған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласу керектігін естеріңізге сала кетейік.