Республика күніне орай Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының статистигі, еңбек ардагері Нұржан Жарасұлы Артаев марапатталды.
Бұл марапат – өңірдің дамуына қосқан үлесі мен көп жылғы адал еңбегіне көрсетілген құрмет.
Нұржан Жарасұлын лайықты марапатымен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасына амандық, еңбегіне табыс тілейміз!
Жамбыл облысы бойынша Жер қатынастары басқармасының басшысы Данияр Утепов азаматтарды кезекті жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтар жер қатынастары саласына қатысты мәселелерін көтеріп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Көтерілген мәселелер жан-жақты қаралып, азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, әрбір өтініш бойынша мәселелерді шешу жолдары түсіндіріліп, заңнама аясында тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасында «Сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға басқарма басшысының міндетін атқарушы Б. Боранқұлова төрағалық етіп, басқарма қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Жиында жер қатынастарын реттеу бөлімінің басшысы А. Тажиков пен бөлімнің бас маманы С. Арсланқызы баяндама жасап, заң талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаларын ұстану және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Тасменов Айбек Жаханбайұлы — Жамбыл облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі қызметіне тағайындалды.
Тасеменов Айбек Жаханбайұлы 1985 жылғы 27 мамырда дүниеге келген. 2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Алматы заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, 2011 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жапония, Нидерланды және Германия елдерінде тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасында штаттан тыс қызметкер-лектор, бас маман, бөлім басшысы қызметтерінен бастаған.
2014-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімінің аппаратының инвестициялар және индустриялық даму бөліміне жетекшілік еткен.
2019-2020 жылдары «Aurum Deutschland» компаниясының Тараз қаласы бойынша өкілі қызметін атқарған.
Әр жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне қарасты «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2022-2025 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің аппаратының басшысы қызметін атқарды.
2025-2026 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары, Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2026 жылдың 01 маусымынан қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі.
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасында 2026 жылғы 01 маусым мен 10 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 622-бабының, 10-тармамғына сәйкес, мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органмен, ал арнайы экономикалық аймақтың аумағында – жергiлiктi атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен жасалған уақытша өтеулi жер пайдалану шарттары негізінде есептелген төлемақы сомасы орталық уәкілетті орган ведомствосының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы табыс еткен күннен бастап қырық есеге ұлғайтылады.
Облыс әкімінің аппараты және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті тарапынан салада жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар мамандарға Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар және «Құрметті жерге орналастырушы» төсбелгісі табысталды.
Аталған марапаттар – жер қатынастары саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін берілді.
Марапат иелері қатарында облыстық жер қатынастары басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Шу, Меркі, Талас, Жамбыл және Мойынқұм аудандары әкімдіктерінің жер қатынастары бөлімдерінің басшылары мен мамандары бар.
Сала дамуына сүбелі үлес қосып жүрген барлық мамандарды шын жүректен құттықтаймыз!
Жамбыл облысында жүргізілген талдау нәтижесінде 120 шаруашылық иесінің қайтыс болғаны анықталды. Аталған шаруашылықтарға тиесілі жер учаскелерінің жалпы көлемі 31,5 мың гектарды құрайды.
Осыған байланысты шаруашылық иелерінің туыстары мен үлескерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде:
8 шаруашылық бойынша 1,1 мың гектар жер көлеміне мұрагерлік құқықтар рәсімделді;
45 шаруашылыққа тиесілі 7,4 мың гектар жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар қазіргі уақытта жалғасуда.
Ескерту
Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес, жер учаскесіне ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқығы бар азамат қайтыс болған жағдайда, бұл құқық мұрагерлік тәртіппен беріледі.
Сондай-ақ, уақытша жер пайдалану шартында өзгеше көзделмесе, қысқа мерзімді уақытша жер пайдалану құқығы да белгіленген тәртіпке сәйкес мұраға қалдырылады.