2025 жылғы І тоқсандағы жер учаскелерін пайдалану (жалдау) құқығы берілген облыс әкімінің қаулылары бойынша анықтама
- «Alina Holding» ЖШС Талас ауданы «Үшбұлақ» кен орнынан мәрмәрланған әктас өндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2030 жылдың 11 ақпанына дейін қысқа мерзімге – 4,1157 га.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесіне Т.Рысқұлов ауданы «Сұлутөр» жер қоры жерінен «Қарақат» шекара бөлімшесінің құрылысын жүргізу және қызмет көрсету мақсатында тұрақты жер пайдалану құқығымен – 2,0 га.
- «Исламхан-21» ЖШС Сарысу ауданы Тоғызкент жер қоры жерінен саз топырақты өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2031 жылдың 29 тамызына дейін ұзақ мерзімге – 24,40 га.
- «Qazaq Soda» ЖШС Сарысу ауданы Қызыл-топырақ учаскесінен саз топырақ өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2032 жылдың 23 тамызына дейін ұзақ мерзімге – 34,2030 га.
- «GES MYRZATAI» ЖШС Жамбыл ауданы «Айшабибі» мемлекеттік жер қоры учаскесі жерінен энергия жүйесін теңестіруге арналған бу-газ аралас қуаттылығы 50 МВт электр станциясын салу мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жыл қысқа мерзімге – 7,0 га.
Дата публикации
27 марта 2026