2024 жылдың І тоқсандағы жер учаскелерін пайдалану (жалдау) құқығы берілген облыс әкімінің қаулылары бойынша анықтама
- Қордай ауданында мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау – 5,1331 га.
- «Аметист-2012 БР» ЖШС Мойынқұм ауданы аумағындағы босалқы жер қорынан пайдалы қатты қазбаларды өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2028 жылғы 26 қаңтарға дейін қысқа мерзімге – 2,4217 га.
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Жамбыл аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне Тараз қаласы аумағынан №14157, №63563 әскери бөлімдеріне қызмет көрсету үшін өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану мақсатында – 261,2 га.
- «АК Алтыналмас» АҚ-на Мойынқұм ауданы аумағындағы Олимпийское кен орнынан пайдалы қатты қазбаларды өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2025 жылғы 26 шілдеге дейін қысқа мерзімге – 441,0 га.
- «АКОН-Холдинг» ЖШС Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі аумағынан құм-шағал қоспасын өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жыл қысқа мерзімге - 12,21 га.
- «Ақ жол» шаруа қожалығына Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі аумағынан құм өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жыл қысқа мерзімге – 13,18 га.
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Жамбыл аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылдық округі аумағынан теміржол тұйығы және вагондарды тиеп түсіру платформасын салу және қызмет көрсету мақсатында тұрақты жер пайдалану құқығымен – 5,0757 га.
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Жамбыл аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне Жамбыл ауданы Гродиково ауылы аумағындағы босалқы жер қоры жерінен ракеталық және артиллериялық қару-жарақ қоймаларын салу және қызмет көрсету мақсатында тұрақты жер пайдалану құқығымен – 19,89 га.
- «China Power International Holding Limited» компаниясына Жамбыл облысы Жуалы ауданы аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін – 18 000,0 га.
- Байзақ ауданының жалпы ауданы 1761,2 га және Жамбыл ауданының жалпы ауданы 11 257,9 га жерлерін Тараз қаласының шекарасына қосу арқылы Тараз қаласы және Жамбыл, Байзақ аудандарының шекараларын өзгерту.
Дата публикации
27 марта 2026