«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Жамбыл ауданы Айша бибі ауылдық округінің әкімшілік бағынысына аумағын енгізіп, Бәйтерек ауылының әкімшілік бағыныстылығы өзгертілсін;
2. Жамбыл ауданы Бәйтерек ауылының жалпы көлемі 198,0 гектар жерін Айша бибі ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен Айша бибі ауылдық округінің шекарасының жалпы көлемі 3309,5641 гектар болып осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес өзгертілсін;
- Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінің әкімшілік бағынысына аумағын енгізіп, Құмтиын ауылының әкімшілік бағыныстылығы өзгертілсін;
4. Жамбыл ауданы Құмтиын ауылының жалпы көлемі 282,0 гектар жерін Аса ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен Аса ауылдық округінің шекарасының жалпы көлемі 2959,8 гектар болып осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес өзгертілсін;
- Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімшілік бағынысына аумағын енгізіп, Сеңгірбай ауылының әкімшілік бағыныстылығы өзгертілсін;
- Жамбыл ауданы Сеңгірбай ауылының жалпы көлемі 195,0 гектар жерін Қарасу ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен Қарасу ауылдық округінің шекарасының жалпы көлемі 2186,3535 гектар болып осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес өзгертілсін;
- Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Құмтиын ауылының жалпы көлемі 282,0 гектар жерін Аса ауылдық округінің шекарасына қосу, Сеңгірбай ауылының жалпы көлемі 195,0 гектар жерін Қарасу ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен Қаракемер ауылдық округінің шекарасының жалпы көлемі 1682,59 гектар болып осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
- Жамбыл ауданының елді мекендерінің әкімшілік бағыныстылығы бөлігінде «Жаңа ауылдық (селолық) және кенттік округтер құру туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының шешіміне және Жамбыл облысы әкімінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 9-6 қаулысына (Жамбыл облысының әділет басқармасында 2001 жылғы 28 тамызда № 408 болып тіркелген) осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігі қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихаты шешімінің қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
- Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысының және Жамбыл облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.