«Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес Жамбыл облысы Жамбыл ауданы аумағында орналасқан жер учаскесін иесіз жылжымайтын мүлік деп тану туралы хабарлайды.
Жер учаскесі туралы мәліметтер:
Жалпы көлемі – 300,75 гектар;
Кадастрлық нөмірі – 06-088-086-176;
Орналасқан жері – Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылдық округі аумағындағы «Түрксіб» мемлекеттік жер қоры, №33 учаскесі;
Жер санаты – өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер;
Мақсаты – 100 МВт күн электр станциясының құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін
Осы хабарландыру ықтимал құқық иелерін және мүдделі тұлғаларды хабардар ету мақсатында жарияланады.
Мүдделі тұлғалар аталған жер учаскесіне қатысты құқықтарды белгілеу үшін осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Жамбыл ауданы әкімдігіне төмендегі мекен-жәй бойынша жүгінуі қажет:
Мекенжайы: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі, №127 үй.
Байланыс үшін: Тел.: 8 (747) 806-36-07, 8 (72633) 2-13-53
E-mail: zemasa2025@bk.ru