Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес Жамбыл облысының барлық аудандарында жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарлар 5 жыл мерзімге қайта бекітілді. Бұл шара жайылым жерлерін тиімді пайдалану мен оларды ұтымды басқаруға бағытталған.
Сонымен қатар, облыста 2025 жылға ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланусыз жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша 90,0 мың гектар көлемінде жоспар бекітілді. Бүгінгі күнге аталған жоспар артығымен орындалып, 91,6 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Аталған жұмыстар жер ресурстарын тиімді пайдалану мен ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ықпал етуде.