Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 15 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні: 2025 жылдың 15 қарашасы.».
- «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.