2025 жылдың 17 наурыз күні Жамбыл облысы, Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 21 ақпаннан бастап 14 наурызға дейін жұмыс күндері жүргізіледі. Өтінім құжаттарын ашу рәсімі 2025 жылдың 17 наурыз сағат 15.00-де мына мекенжайда: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 1 шағын аудан № 25 мекен-жайда орналасқан Жаңатас қаласы әкімі аппараты ғимаратының мәжіліс залында өтеді.