2025 жылдың ақпан айының 27 күні Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру жөнінде конкурс өткізіледі.
Өткізу уақыты сағат 10:00-де. Мойынқұм ауылы, Қабышев көшесі №2 Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәжіліс залы.
Қазақстан Республикасының жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру осы бапта белгіленген тәртіппен және шарттарда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс негізінде жүзеге асырылады.