Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Пайдалы қатты қазбаларды барлау үшін жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай 2028 жылдың 6 қазанына дейін осы қаулының қосымшасына сәйкес жария сервитут белгіленсін.
- «Ulytau Resources Ltd.» жеке компаниясы (бұдан әрі - Компания) барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтасын, жер учаскелеріне жария сервитут белгілеуден келтірілген залалдар мен төлемақыны қолданыстағы заң талаптарына сәйкес өтесiн.
- Компания бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру жобасын бір жыл мерзімде әзірлеп, барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.