«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулыға қосымшағасәйкес жалпы ауданы 13 019,1195 гектар Байзақ және Жамбыл аудандарының жерлерін қосу арқылы Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 17-5 бірлескен шешімінежәне «Жамбыл облысы Тараз қаласының, Жамбыл және Байзақ аудандарының шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 243 қаулысына келісім берілсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.