Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілк-аумақтық құрысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2)-тармақшасына сәйкес және Тараз қаласы, Жамбыл және Байзақ ауданы әкімдіктерінің және мәслихаттарының бірлескен ұсыныстары негізінде, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Жамбыл облысының Тараз қаласы және келесі аудандарының шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
- осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасына Жамбыл ауданының жалпы көлемі 11 257,9181 гектар жер бөлігін, Байзақ ауданының жалпы көлемі 1 761,2014 гектар жер бөлігін қосу арқылы Тараз қаласының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 31 798,0742 гектар болып белгіленсін;