АҚПАРАТТЫҚ-ХАБАРЛАМА

Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер.
Конкурстық ұсыныс электрондық үкімет веб-порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, нөмірленген парақтары бар жабық конвертте ұсынылады.
Өтініш берушінің конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелері мен бизнес-жоспары шаруа немесе фермер қожалығы, ауылшаруашылық өндірісі үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді уақытша жер пайдалану (жалдау) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Жер кодексінің 43-1-бабының 12-тармағына сәйкес келмейтін шаруа немесе фермер қожалығына, ауылшаруашылық өндірісіне уақытша жер пайдалану (жалдау) құқығын беруге арналған конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбайды.

Дата публикации
15 мая 2024