Айтыңызшы, өтініш, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы қашан басталады және аударымдарды қай қаржы ұйымы реттейтін болады? Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар есебі қалай жүргізіледі?
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ұлттық қор - балаларға" жобасын іске қосу жоспарлануда. Бірақ балалардың ата-аналары мен басқа да заңды өкілдері алғаш есептелген қаржыны 2024 жылдың ақпан айынан бастап көре алады. Өйткені, тиісті құрылымдарға есептеулер жүргізіп, кәмелетке толмаған балалардың дәл есебін шығаруға бір ай уақыт қажет.