Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасында
2023 жылдың ІV тоқсанында
мемлекеттік көрсетілген қызметтердің талдау анықтамасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасымен (ары қарай – Басқарма)
бекітілген Тізілімге сәйкес 12 мемлекеттік қызмет түрі ) көрсетіледі.
Есепті мерзім ішінде Басқарма 19 қызмет алушыға (жеке тұлға –1, заңды тұлға – 18) қызметті көрсетті (18 қызмет - Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту, 1 қызмет - Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру).
2023 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
2023 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзім бұзу фактілері орын алған жоқ.
Есепті мерзімде Басқарма тарапынан 19 414 адамды қамтыған 1 мақала облыстық «Aqjol» газетіне жарияланды.