Протокольное решение заседания конкурсной комиссии по вопросу аренды земельных участков сельскохозяйственного назначения для ведения фермерского или фермерского хозяйства и сельскохозяйственного производства

Шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамалық шешімі

№2

Меркі ауылы                                                                                                        2023 жыл 05 қыркүйек

                                                                                                                                            сағат 11:00

 

Конкурс өтетін орын: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, Ә.Ысмайылов

көшесі №169, аудан әкімдігінің кіші залы, 1-қабат.

 

Күн тәртібінде:

 

  1. Конкурс жеңімпаздарын анықтау

Комиссия мүшелері конкурстық өтінімдерді жан-жақты талқылап, зерделей келе конкурстың жеңімпаздарын Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» №518 бұйрығын негізге ала отырып, барлық өтінімдерді олардың сәйкестігін, толықтығын, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеді, сондай-ақ жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексеріп, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап, салыстырды.

Конкурстық ұсыныстарды және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде, ұсынылған конкурстық ұсыныстар мен өтінімдердің мәнін қозғамайтын, түзетуге болатын грамматикалық және арифметикалық қателер назарға алынған жоқ.

Сонымен қатар, осы ауданда, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жер учаскесін алу кезінде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша балл беру түрінде артықшылық берілді.

Әсіресе, кезінде Казексим ЖШС-не жерлері өтіп кеткен Кеңес, Ақермен ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатындағы құрылған ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерге артықшылық берілді.

Кеңес округінен шығарылған №1, 2, 3 лоттар бойынша дауыс беру кезінде комиссия мүшесі Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Меркі ауданындағы филиалының басшысы Н.Шойбек қалыс қалды.

Егерде екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемі бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады. Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылды.

Сондай-ақ, жеңімпаздарды анықтау барысында назарға алынған қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы №42 қаулысы. Осы қаулымен уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерi бекітілген.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 8-тармағына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазының бір жыл бойы келесі конкурстарға қатысуға құқығы болмайтындығы назарға алынып құжаттар зерделенді. Жоғарыда аталған заңнама талаптарына сәйкес,

 

Жер комиссиясы төмендегідей шешім қабылдады:

 

1-лот. Кеңес ауылдық округінің аумағындағы 154,35 га суармалы егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Жаңа Кеңес» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі;

 

2-лот. Кеңес ауылдық округінің аумағындағы 28,89 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Жаңа Кеңес» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі;

 

3-лот. Кеңес ауылдық округінің аумағындағы 12,57 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Жаңа Кеңес» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі;

 

4-лот. Ақермен ауылдық округінің аумағындағы 826,5 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Ақермен-Бірлік» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі;

 

5-лот. Ақермен ауылдық округінің аумағындағы 744 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Ақермен Береке» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі;

 

6-лот. Ақермен ауылдық округінің аумағындағы 311 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Ақермен Береке» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі;

 

7-лот. Ақермен ауылдық округінің аумағындағы 431 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Алтын арық - 2023» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі;

  

8-лот. Ақермен ауылдық округінің аумағындағы 148 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Алтын арық - 2023» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі;

 

9-лот. Ақермен ауылдық округінің аумағындағы 180 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Оңалбай ата» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі;

 

10-лот. Ақермен ауылдық округінің аумағындағы 127 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Оңалбай ата» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі;

 

11-лот. Ақермен ауылдық округінің аумағындағы 389 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Оңалбай ата» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі;

 

12-лот. Ақермен ауылдық округінің аумағындағы 140 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Оңалбай ата» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі;

 

13-лот. Ақермен ауылдық округінің аумағындағы 333 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Ақкөз батыр» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі;

 

14-лот. Ақермен ауылдық округінің аумағындағы 246 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Ақкөз батыр» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі.

 

Дата публикации
06 сентября 2023