13.09.2022 жылы Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесте «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» тақырыбында кеңес өтті.

          13.09.2022 жылы Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесте «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» тақырыбында кеңес өтті.

      Кеңесте Жер қатынастары басқармасының басшысы Б.Копбосынов басқармадағы жер қатынастары саласы бойынша

сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін анықтауға жасалған мониторингке  тоқталды.

         Басқармамен 10 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 7 қызмет электронды,  2 қызмет қағаз жүзінде, 1 қағаз және электронды түрде.

Көрсетілген қызметтер бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көрсетілген құжаттар топтамасы ұсынылған, қызмет электронды форматта көрсетілген. Қызмет алушылардан шағым түспеген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

        Жердің сауда-саттығы

        Қазақстанда жер учаскелерін онлайн аукцион арқылы сату процесі сәтті жүзеге асырылып жатыр, республикада бірінші болып өткізген Орал қаласы болса, екінші болып біздің облыста Тараз қаласы, сосын Меркі ауданы жүргізді электронды аукционды. Басқа өңірлерге біздің облыс үлгі ретінде тәжірбиесін көрсетті.

        Иа, электронды аукцион өткізу сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірден бір жолы.  2021 жылдан бастап Жамбыл облысында коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерінің сауда-саттығы толығымен электронды аукцион арқылы өткізілуде.  

       Ауыл шаруашылығы жер учаскелеріне құқық беру конкурсы бүгінгі күні қағаз түрінде жүргізілуде, осы қызметті де электронды конкурс форматына көшірілсе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жол болмайды.

Аталған жағдай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететіндіктен облыста ауыл шаруашылығы жер учаскелерінің сауда-саттығын конкурсты электронды форматқа көшіру қарастырылуда.

         Жеке тұрғын үй кезектілігі ашықтық пен сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу мақсатында толығымен электронды түрге көшіріліп автоматтандырылды. 2022 жылдың сәуір айынан бастап жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне өтініш беру электрондық үкімет порталы (Е-gov) арқылы қабылдануда.

         Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті мөлшері

         Ауыл шаруашылығы жерлерін бір қолда болуын болдырмау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жер учаскелерін алқап түрлеріне бөле отырып, олардың ең жоғарғы шекті мөлшері ағымдағы жылдың сәуір айында облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімімен ауыл шаруашылығы жерлерінің шекті ең жоғарғы мөлшері қабылданды.

Ауыл шаруашылығы жерлерінің ең жоғарғы шекті мөлшерін белгілеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзырында болғандықтан аталған бірлескен шешім түпкілікті шешім қабылдау үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданды.

         Әр ауданның жер ерекшеліктері мен көлемдеріне байланысты мысалы жайылым жерлердің ең жоғарғы мөлшері Байзақ ауданында 500 га, Меркіде 300 га, ал Шу ауданында 800 га болып белгіленді. Егістік жерлердің ең жоғарғы мөлшері Т.Рысқұлов ауданында 100 га, Сарысуда 55, ал енді Мойынқұм ауданында 20 га болып белгіленді. 

Дата публикации
14 сентября 2022