«Жамбыл облысы Шу ауданының Алға және Жаңа жол ауылдық
округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы мен Жамбыл облыстық мәслихатының бірлескен шешім жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
|
№ |
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
|
1. |
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган |
«Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
|
2. |
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме) |
Шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11, 16-баптарына сәйкес, Шу ауданы әкімдігінің 24.12.2021 жылғы №599 қаулысы және Шу аудандық мәслихатының 28.12.2021 жылғы №19-11 «Шу ауданы Алға ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы» бірлескен шешімі негізінде және Шу ауданы әкімдігінің 24.12.2021 жылғы №600 қаулысы және Шу аудандық мәслихатының 28.12.2021 жылғы №19-12 «Шу ауданы Жаңа жол ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы» бірлескен шешімі негізінде әзірленді. |
|
3. |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар |
Жоқ |
|
4. |
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздей ме? |
Көздемейді |
|
5. |
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі |
Бұл округтердің шекарасын ұлғайту сол аумақтағы тұрғын халықтың малын жаю үшін жайылым жерлермен қамтамасыз ету мақсатында туындаған. |
|
6. |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша әкімнің және/немесе әкімдіктің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
Бұрын актілер қабылданбаған |
|
7. |
Әкімнің және/немесе әкімдіктің бұрын қабылданған актілерін кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі |
Жоқ |
|
8. |
Әкімнің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері |
Қажет етілмейді |
|
9. |
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат |
Жоба жер қатынастары басқармасының интернет-ресурсында және Жамбыл облысы әкімдігінің сайтына 11.03.2022 ж орналастырылды |
|
10. |
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) |
Қажет етілмейді |
|
11. |
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер |
Қажет етілмейді |
|
12. |
Актіні қабылдағаннан кейін оны мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына ұсынудың қажеттігі |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады |
|
13. |
Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер |
Шешім жобасы облыстық газеттеріне жарияланатын болады |
|
14. |
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер |
Қажет етілмейді |
|
15. |
Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде) |
Қажет етілмейді |
|
16. |
Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер |
Жоқ |
|
17. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер |
Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасына және Жамбыл облысының кәсіпкерлер сарапшылық кеңесіне 11.03.2022 жылы шешім жобасының «Ашық НҚА» интернет-порталына жарияланғандығы туралы хабарланды.
|
|
18. |
Заңның 20-бабына сәйкес Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер |
Шешім жобасы Жамбыл облыстық қоғамдық кеңеске 11.03.2022 жылы жолданды. |
|
19. |
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер |
Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 11.03.2022 жылы орналастырылды.
|
|
20. |
Өзге де мәліметтер |
Жоқ |
Басшы Б.Көпбосынов
Бас маман К.Закиров