«Жамбыл облысы Шу ауданы Өндіріс ауылдық округінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасы мен Жамбыл облыстық мәслихатының бірлескен шешім жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Жамбыл облысы Шу ауданы Өндіріс ауылдық

 округінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы»

Жамбыл облысы  әкімдігінің қаулы жобасы мен Жамбыл облыстық мәслихатының бірлескен шешім жобасына

 ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

№

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

«Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)

Шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 23.01.2001 жылғы  Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасының    әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 8.12.1993 жылғы Заңының  11, 16-баптарына сәйкес, «Жамбыл облысы Шу ауданы Өндіріс ауылдық округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы» Шу ауданы әкімдігінің 23.08.2021 ж №354 және Шу аудандық мәслихатының  15.09.2021 ж.             № 13-3 бірлескен шешімі  негізінде  әзірленді.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жоқ

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздей ме?

Көздемейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жайылым жерледі ұлғайту мақсатында 940,349 гектар жайылым жердің қосылуымен Шу ауданы Өндіріс ауылдық округінің шеқарасын өзгерту және белгілеу

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша әкімнің және/немесе әкімдіктің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

 Бұрын актілер қабылданбаған

7.

Әкімнің және/немесе әкімдіктің бұрын

 

қабылданған актілерін кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ

8.

Әкімнің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері

Қажет етілмейді

9.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Жер қатынастары басқармасының интернет-ресурсында  және Жамбыл облысы әкімдігінің сайтында   орналастырылады,  және облыстық облыстық «Салық тәртібі» газетінде жарияланатын болады

10.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Қажет етілмейді

11.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Қажет етілмейді

12.

Актіні қабылдағаннан кейін оны мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына ұсынудың қажеттігі

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады

13.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер

 Жоқ

14.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер

Қажет етілмейді

15.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Қажет етілмейді

16.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін

 

қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

Жоқ

17.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды

18.

Заңның 20-бабына сәйкес Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

 Бірлескен шешім жобасы Жамбыл облыстық қоғамдық кеңеске жолданатын болады

19.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына  11.11.2021 жылы орналастырылды

20.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

 

 

 

      Басшы                                                                    Б.Көпбосынов

 

      Заңгер                                                                     К. Закиров

 

 

                                                                         

 

Дата публикации
15 ноября 2021