Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.               

 

            Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы

Санаты

Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген 

жылдарын есептегенде

 теңгеден

 теңгеден

D-O-4

108306

146177

 

   «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 213, 214 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 87057541299 (жұмыс уақытында), e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады).Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік,  № 10-2.

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу. Тұрғандарға бастапқы медициналық санитариялық көмек бойынша жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау, реттеу және талдау. Қызметтік құжаттарды, азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау және олардың орындалуына бақылау жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша емдеу – алдын алу ұйымдарының жұмысын үйлестіру, интернет-ресурстарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінің жаңартылуын қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) немесе  бизнес, басқару және құқық саласындағы. Мамандығы: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы) немесе құқықтану.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясын, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, ҚР Еңбек Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер жұмысқа шыққанша 06.05.2024 ж. дейін), 1 бірлік, D-О-4 санаты, №05-1.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерін, шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын облыс аумағында орындау. Облыстың кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын алуы бойынша жұмысты ұйымдастыру және ұсыныстар беру. Жиналыстар ұйымдастыру және өткізу, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын түсіндіру; «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2-ші бағытын, «Қарапайым заттар экономикасы», «Береке» мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру. Жүктелген тапсырмалар мен функцияларды уақтылы және сапалы орындау, жоғары тұрған органдарға мәліметтер мен ақпарат ұсыну. Ағымдағы және перспективалық міндеттерді шешу жоспарларын әзірлеу және орындау. Кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша филиалдар және қаржы  институттарымен, екінші деңгейлі банктермен, сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық филиалымен өзара іс-қимыл жасау. Жүктелген функционалдық міндеттерге сәйкес жоғары тұрған басшылықтың тапсырмаларын орындау. Аумақты дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге қатысу. Облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобаларын әзірлеу және келісу. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, материалдар (талдау, ұсыныстар, ақпараттар, анықтамалар және басқа) дайындау. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар бойынша келісім-шарттар жасау, қажетті бюджеттік өтінімдерді қалыптастырып, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыну. Басқарманың қоғамдық іс-шараларына қатысу

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика  саласындағы. Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе құқықтану немесе статистика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты бағытын», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Бизнестің жол қартасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын (2-ші бағыты), сондай-ақ осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының жер қатынастарын реттеу бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, 1 бірлік, № 02-3.

Функционалдық міндеттері:     жер қатынастарын реттеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру; Жер кодексінің 14-1 бабына сәйкес жұмыстарды жүргізу; жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін орындау; хаттар мен өтініштерді қарау.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы білім. Мамандығы: агрономия немесе жерге орналастыру немесе кадастр. 

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының ішкі әкімшілік ету бөлімінің бас маманы-іс жүргізушісі, санаты D-О-4, 1 бірлік, № 1-2.

Функционалдық міндеттері: құжаттандыру мен іс жүргізуді ұйымдастыру. Бірыңғай электрондық құжаттардың айналымы жүйесі базасын жүргізу, қадағалау және құжатайналымы есептерін уақытылы тапсыру. Іс жүргізу және кадрлық іс жүргізу бойынша құжаттарды тіркеу, есепке алу және сақтау. Басқарманың іс-номеклатурасын дайындау және жасау, облыстық мұрағатпен жұмыс жасау. Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын, азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдаудың есебін жүргізу. №1-ТӨ нысандағы есепті қалыптастыру үшін «Тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу» (ТӨБЕ ААЖ) және «Айқын» автоматтандырылған ақпараттық жүйелеріне мәліметтерді уақытылы әрі сапалы енгізу, сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу органның аумақтық бөлімшесімен салыстыру актілерін жасау. Басқармада «ҚБПҮ» белгісі бар таратылуы шектеулі құжаттармен, істермен, басылымдармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру (тіркеу, орындаушыға тапсыру, есебін жүргізу, мерзімі аяқталғандарды сейфтерге сақтау немесе жою). Басқарманың ресми сайтында және басқа интернет-ресурстарында Басқарма жұмыстарына байланысты ақпараттар орналастыру. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесуді бақылау. Басқарманың негізгі қызметі бойынша жиналыстардың хаттамаларын жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді атқару.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - бизнес, басқару және құқық саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану.

 «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді білу.

 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй,  213, 214 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, 87057541299 (жұмыс уақытында), e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:

1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не "Электрондық Үкімет" порталы алынған анықтама);

 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не "Электрондық Үкімет" порталы алынған анықтама).

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

 

Нысан

 

 __________________________

 

(мемлекеттік орган)

Өтініш

       Мені ____________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________________

                                                      (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      Мекен жайы: ________________________________________________________________

      Байланыс телефоны: __________________________________________________________

      e-maіl: ______________________________________________________________________

      ЖСН: _______________________________________________________________________

      _________ ___________________________________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      "____"_______________ 20__  ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

 

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 



_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

_______________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный
идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауы бойынша) /
Национальность (по желанию)



3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей



4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /
Год окончания и наименование учебного заведения



5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



6.

Шетел тілдерін білуі /
Владение иностранными языками



7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)





ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ



Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /
должность*, место работы, местонахождение организации



қабылданған /
приема

босатылған /
увольнения







 

 

 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



_____________________
Кандидаттың қолы /
Подпись кандидата

_______________
күні / дата

      * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

 

 

 

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
09 августа 2021