Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Жамбыл облысында уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 69 қаулысына және Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 15-8 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 2-қосымшасы осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
- осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихаты шешімінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізілуін;
- осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімінен туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
- Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігі қаулысының және Жамбыл облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының экология, өнеркәсіп, құрылыс, табиғи ресурстар, агроөнеркәсіпті және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына, Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
|
Жамбыл облысының
әкімі
Е. Қарашөкеев
|
Жамбыл облыстық
мәслихатының төрағасы
А. Нұралиев
|