Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 84-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61, 63, 64, 65 және 69-баптарына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2027 жылдың 25 қаңтары болып белгіленсін.
- Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскесінің меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгінетін орны Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, № 278 үй мекенжайында орналасқан «Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік ғимараты болып белгіленсін.
- Қордай ауданының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.