Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №271 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін;
2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні: 2027 жылдың 26 ақпаны.».
- «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қабылдаған кезден бастап оның үш жұмыс күні ішінде облыс әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.