Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына, 84-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61, 63, 64,65 және 69-баптарына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2026 жылдың 24 қарашасы болып белгіленсін.
  3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскесінің меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгінетін орны: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 1 шағын ауданы, №18 үй мекен жайында орналасқан «Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік ғимараты болып белгіленсін.
  4. Сарысу ауданының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Дата публикации
16 июня 2026