
Жалпы 2020 жылы мемлекетке Меркі ауданы Гранитогорск кентінен 0,2500 гетар, Т.рысқұлов ауданынан Интергаз Орталық Азия Акционерлік қоғамының 2016-2021 жылғы инвестициялық бағдарламасы бойынша 8,9852 гектар, Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылы Жібек жолы көшесінен пайдалы қазба орнын қазу мақсатында Тараз Әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорация Ұлттық компания АҚ-нан 22,3847 гектар мемелкет мұқтажы үшін иеліктен шығарылды. Жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн айрықша жағдайларда, меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен мүлiктің тең құны өтелген кезде не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп иелiктен шығарылуы мүмкін.