Меню

Страницы

Статья

САЯСИ НАУҚАНҒА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

САЯСИ НАУҚАНҒА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні «Республикалық референдум өткізу туралы» Жарлыққа қол қойғаны белгілі. «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес референдумға дайындық пен оны өткізу орталық, аумақтық және учаскелік референдум комиссияларына жүктелген. Олардың функционалдық міндетін орындаушы сайлау комиссиялары болып табылады.

 

Алдағы саяси науқанға дайындық қалай жүріп жатырУчаскелік референдум комиссияларының дайындығы қандай? Осыған байланысты аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауылдық округ әкімдерінің, учаскелік референдум комиссиялары төрағаларының қатысуымен өткен жиналыста жауапты науқанға дайындық барысы сараланды. Аудан әкімі аппаратының басшысы Самат Селеубаев жүргізген жиында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бауыржан Көшербаев күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарлама жасап, мән-жайды кеңінен баяндады.

Төрағаның айтуынша, аудан әкімінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы «Сайлау учаскелерін құру туралы» №01 шешіміне сәйкес ауданда 34 сайлау учаскесі бар. Сайлау учаскелерінің 21-і білім беру мекемелерінде, 12-сі мәдениет үйлері мен клубтарда, 1-еуі «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында орналасқан. Референдумды әзірлеу мен өткізуде аудан бойынша 1 аумақтық сайлау комиссиясының 7 мүшесі және 34 учаскелік сайлау комиссиясының 246 мүшесі қызмет көрсетеді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 24-бабына және ҚР «Республикалық референдум туралы» Заңының 25-бабына сәйкес референдумға қатысу құқығы бар жалпы саны 50254 азаматтың (сайлаушылардың) тізімі 14 мамыр күні референдум комиссияларының төрағаларына актпен өткізілген. Сондай-ақ, референдум комиссияларына жалпы сайлаушылардың 1 пайыздық есебімен, яғни 503 дана есептен шығару куәлігі таратылып берілген. Сайлаушылар саны 1000-нан асатын 21 учаскеде азаматтардың мекенжайын анықтау бойынша сервистік орталықтар жұмыс атқаратын болады. Оған 42 комиссия мүшесі тартылған.

Референдум комиссияларының мүшелері арнайы тест тапсырып, тиісті сертификаттарды алуда. 23 мамыр күні сервистік қызмет көрсету мамандарын оқыту жоспарланған.

Қазіргі таңда «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы тарапынан учаскелерге телефон нүктелері мен интернет желісін орнату белсенді түрде жүргізілуде. Транстелеком қызмет көрсететін 22 учаскеде интернет орнату қиындық тудырып отыр.

Аудан әкімі аппараты және аудандық сайлау комиссиясы тарапынан 34 сайлау учаскесінде зерделеу жұмыстары жүргізілген. Зерделеу барысында Қаракемер ауылындағы Төле би атындағы орта мектепте орналасқан №172 сайлау учаскесінде, Ақбастау ауылдық округіндегі Бірлесу-Еңбек ауылдық клубында орналасқан №169 сайлау учаскесінде және Рахат ауылындағы Рахат бастауыш мектебінде орналасқан №168 сайлау учаскесінде дайындық жұмыстары жүргізілмегендігі анықталған.

Жиынды қорытындылаған Самат Апсадықұлы ауылдық округ әкімдері мен учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары дайындық жұмыстарына жауапкершілікпен қарауы, орын алған олқылықтар тез арада түзетілуі керектігін қадап айтып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

 

Дата публикации
25 мая 2022
Дата обновления
24 мая 2022
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Интернет БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы