Меню

Страницы

Статья

Қаратөбеліктердің ұсынысы ескерілді

✅Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly Қаратөбе, Жамбыл, Айшабибі ауылдық округтерінің әкімі Ғамзат Сағымбеков, Бақыт Садырбаев, Дәрмен Дәулетпен бірлесіп, өткен жылы тиянақталған тірліктер мен ағымдағы жылы қолға алынатын жұмыстар туралы есептік кездесу өткізді.
Бектөбе ауылында өткен есептік жиында Ерлан Қыдыралыұлы округ әкімінің баяндамасынан кейін, өңірде жасалған игіліктер туралы айтып, ауылдықтардың талап-тілегіне құлақ түрді. Ауыл азаматы З.Раимбердиев ауылдағы ауызсу мәселесін, сондай-ақ Амангелді орта мектебіне директор лауазымына ауылдан кандидант таңдау керектігін көтерсе, М.Абдулин ауылға спорт кешенін қажет екенін алға тартты. Б. Қалиев ауылшаруашылығы саласына тың өзгерістер жөнінде ұсынысын жеткізсе, М.Мүсірепбаев ескі арықтарды тазалау керектігін сөз етті.
Қаратөбеліктердің өтінішіне аудан басшысы:
– Ауызсу жұмыстары өз бақылауымда. Сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Жуық арада белгілі болады.
Әрине, білім ордасын бақылауда ұстау үшін жергілікті кадр қажеттігін белгілі. Ұсыныстарыңызды тиісті басқармаға жеткізетін боламын.
Бектөбе ауылының маңында Ж.Үшкемпіров атындағы арена үздіксіз жұмыс жасайды. Спортшыларға жаттығуға барлық мүмкіндік жасалған. Ал талаптарыңызды алдағы уақытта назарға аламыз.
Арықтарды тазалау жұмыстарын ауыл әкіміне тапсырамын. Реттелетін болады.
Ал ауылшаруашылығындағы тың өзгерістер бойынша шаруа қожалық иелерін, ауыл азаматтарын хабарлау үшін 17 ауылдық округте тәжрибелі мамандарды тарта отырып, көшпелі семинар өткізетін боламыз, – деді Ерлан Қыдыралыұлы.
Жамбыл ауданы әкімідігі баспасөз қызметі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дата публикации
05 марта 2022
Дата обновления
05 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Интернет БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы