
Бүгін Қапал бастауыш мектебiнде карантиндiк шараларды сақтай отырып Қапал ауылы тұрғындары алдында Жамбыл ауылдық округiнiң әкімі Бахыт Жұмадiлұлы Садырбаевтың 2021 жылғы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебі өтті.
Есептік жиында Қапал ауылының белсенді тұрғындары көкейлерiнде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерiн білдірді. Округ әкімі қойылған сұрақтар мен ұсыныс-пікірлер хаттамаға енгізілетінiн және орындалуы бойынша бақылауға алатынын жеткізді. Жиналыс онлайн бағыттада өткізіліп, онлайн форматта қойылған сұрақтар назарға алынып, хаттамаға енгізілді.