Меню

Страницы

Статья

Жыл қорытындысы Биыл 4 округтің әкімі сайланады

Жыл қорытындысы

Биыл 4 округтің әкімі сайланады

 

                                                    Бейсенбі күні Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы М.Төлебаев атындағы өнер мектебінде Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бауыржан Көшербаев ауылдық округ әкімдері, аудандағы мекеме-ұйым қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері алдында өткен жылдың қорытындысы бойынша есеп беріп, жыл бойы атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті.

                                                    Төрағаның айтуынша, Ауданда барлығы 34 сайлау учаскесі бар. Учаскелік сайлау комиссияларының саны - 35. Оның 1-еуі - аумақтық, 34-і - учаскелік сайлау комиссиялары. Сайлау комиссиялары мүшелерінің жалпы саны 253 адамнан тұрады. Оның ішінде аудандық сайлау комиссиясы мүшелерінің саны - 7, учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің саны - 246. Бүгінгі жағдай бойынша аудандағы сайлаушылар саны 50919 адамды құрап отыр.

                                                    Былтырғы жылдың 25 шілдесінде Аса, Ақбастау, Ерназар, Жамбыл, Қаратөбе ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 17823 азамат енгізіліп, оның ішінде 15608 сайлаушы дауыс беруге қатысты. Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары БАҚ-та және өзге де ақпараттық интернет-ресурстарда жарияланды. Жоғарғы белсенділікпен өткізілген ауылдық округ әкімдерінің сайлауы қоғамда азаматтық көзқарастың өзгергендігін көрсетті.

                                                    Биыл аудан бойынша жоспарланған ауылдық округ әкімдерінің сайлауы Тоғызтарау, Қарой, Өрнек, Бесағаш ауылдық округтерінде өткізіледі. Сайлау күні туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және сайлау комиссиясының интернет-парақшаларында жарияланады.

                                                    Кездесуде сөз сөйлеген облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ағымдағы жылға арналған сайлау процесіне қатысушыларды сайлау алды оқытудың күнтізбелік жоспарының жобасын талқыға салса, аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген міндеттердің жүзеге асырылуы туралы баяндады.

                                                    Соңынан өткен сайлау науқанында белсенділік танытқан сайлау комиссиясы мүшелерінің бірқатары Алғыс хатпен марапатталды.

Дата публикации
21 февраля 2022
Дата обновления
21 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Интернет БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы