Егер сіз иелігіңіздегі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткіңіз келсе, оны міндетті түрде заңдастыру керек. Себебі заң бойынша жер телімдері мақсатына сай пайдаланылмаған жағдайда айыппұл салынуы мүмкін.
Қызмет тегін, 13 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Ол үшін жер иесі egov.kz электронды порталы арқылы жылжымайтын мүліктің толық ақпаратын көрсетіп, онлайн өтініш береді.
Өтініш келіп түскен соң жауапты мемлекеттік орган қаланың бас жоспарын ескере отырып шешім шығарады.
Берілген өтініштің жауабын жеке кабинеттен қадағалап отыруға болады.
Жамбыл аудандық тіркеу және жер кадастры
бөлімінің бас маман-жерге орналастырушысы А.Конырбаева