Заңдық талаптардың туындауын мемлекеттік тіркеу
Заңдық талаптар - жылжымайтын мүлікке құқықтарға, онымен жасалатын мәмілелерге қатысты үшінші тұлғалардың даулауы не мүддесінің бар екендігін айғақтайтын заңдық фактілер.
Көрсетілетін қызметтің бастамашысы жеке немесе заңды тұлға не өз өкілеттіктерін растайтын құжаттары (келісімдері, сенімхаттары) бар өкілдер (адвокаттар, заң консультанттары) арқылы болуы мүмкін.
Заңды талаптар тіркелуі мүмкін, оның ішінде:
o талап қою арызын беру фактісі (соттың қабылдағаны туралы белгісі бар талап арыз (сыртқы нөмірі)
o сот актілеріне шағымдану немесе наразылық білдіру
o жер учаскесін алып қою туралы шешім
o кепілпұл туралы келісім (қолхат)
o алдын ала шарт
o басқа фактілер.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның
Жамбыл облысы бойыншга филиалы
Жамбыл аудандық тіркеу және жер кадастры
бөлімінің бас маман - тіркеушісі
Ж. Алмабаев