Меню

Страницы

Статья

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 03 ақпаны сағат 11-00 де аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мәжіліс залында Дүниежүзілік сайлау күніне арналған ҮЕҰ, аудандық Ардагерлер кеңесі мүшелерінің қатысуымен кездесу болып өтті.

Кездесудің мақсаты: Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері, сондай-ақ сайлауға қатысты заңнама талаптарын түсіндіру, сайлаушылардың сайлауға қатысу белсенділігін арттыруға бағытталған. 

Іс-шараға ҮЕҰ, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Кездесуді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бауыржан Жолдыұлы Көшербаев жүргізіп, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын іске асырудың ұлттық жоспарына сәйкес, 2021 жылы 24 мамырда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Саяси партиялар туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарына ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау көзделген өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігі жөнінде тоқталды.

Отырысты аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бауыржан Жолдыұлы Көшербаев қорытындылап, кездесуге қатысушыларға рахмет айта отырып, саяси белсенді болуға шақырды.

 

Жамбыл аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                       Б.Көшербаев 

 

 

 

        

 

 

Дата публикации
03 февраля 2022
Дата обновления
03 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Интернет БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы