БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 02 ақпаны сағат 10-00 де аудандық сайлау комиссиясында Дүниежүзілік сайлау күніне арналған «Конституциялық құқық таңдау және сайлану» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жастардың білімдерін арттыруға, жас сайлаушылардың демократиялық құндылықтарды ұстануын қалыптастыруға және жастардың сайлауға қатысу белсенділігін арттыруға бағытталған.
Іс-шараға аудандық сайлау комиссиясының мүшелері, ауданның белсенді жастар қатысты.
Отырысты аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бауыржан Жолдыұлы Көшербаев ашып, дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып, тақырып бойынша қысқаша мәлімет берді.
Отырысты аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бауыржан Жолдыұлы Көшербаев қорытындылап, жастардың саяси белсенділігі, оның азаматтық және өмірлік позициялары, оның мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысуы - ұлттық қауіпсіздіктің кепілі болып табылатынын айтып, жастарды саяси белсенді болуға шақырды.
Жамбыл аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Б.Көшербаев