Меню

Страницы

Статья

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалының Жамбыл ауданы әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша бөлімі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы» коммерциялық емес  акционерлік қоғамы Жамбыл облысы  бойынша филиалының Жамбыл ауданы әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша бөлімі (бұрынғы ЗТМО Жамбыл аудандық бөлімшесі) 1997 жылдың қыркүйек айында құрылған. Аудандық бөлімшенің тұңғыш басшысы Аужан Мадахметұлы Мамедов болды1997-1999 ж. 1999 жылдан 2012 жылға дейін Серік Әбілхайырұлы Әсемов бөлімшеге басшылық жасады. Бөлімшені 2012 жылдың тамыз айынан бастап 2018 жылдың қыркүйегіне дейін Марат Шыңғазыұлы Үлеков басқарды. 2018 жылдың қыркүйегінен бері Ерболат Ілесбекұлы Амалов басқарып келеді.

Алғашқыда бөлімшеде 5 қызметкер болса, кәзіргі таңда 10 қызметкерге (бөлімше мұрағатшысын қосқанда) көбейді. 

Жамбыл ауданы әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша бөлімінің басты міндеттері аудан азаматтарына зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін ұйымдастыру болып табылады.

1998 жылы бөлім тек қана жасына байланысты зейнетақы төлемдерін ұйымдастырған болса, қазіргі таңда жылдан жылға жаңа төлем түрлері қосылып, төлем түрі  қырықтан асты.

Бүгінгі күні бөлім арқылы республикалық бюджеттен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 40-тан астам төлем түріне ай-сайын 15078 зейнетақы және жәрдемақы алушыларға 1,137 млн. теңге қаржы төленуде.

Атап айтқанда аудан бойынша 8059 зейнеткерге 672,7 млн. теңге, 3140 мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты) алушыларға 148,6 млн. теңге, 4 мемлекеттік арнайы жәрдемақы №1 және №2 тізімдер бойынша алушыларға 0,1 млн. теңге,  902 арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға 6,6 млн. теңге, 5581 бала босануына байланысты бір жолғы жәрдемақы, бала 1 жасқа толғанға дейін, оның күтімі үшін және 18 жасқа дейін мүгедек бала тәрбиелеушілерге, бала кезінен 1-ші топ мүгедектерге күтім жасаушыларға 24,0 млн. теңге, және 2257 әлеуметтік төлем Мемлекеттік Әлеуметтік Сақтандыру Қордан (еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда,  асыраушысынан айрылған жағдайда,  жұмысынан айрылған жағдайда, жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайда, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда) алушыларға 66,2 млн. теңге ай-сайын екінші дәрежелі банк пен АҚ «Казпочта»  арқылы төлеуді жүзеге асыруда.

  Қазіргі уақытта бөлімде 9 қызметкер жоғарыда көрсетілген 40-тан астам төлем түрлері бойынша қызмет атқаруда. Бөлімнің білікті мамандары төлем алушыларға қызмет көрсетудің қазіргі заманғы және жоғары технологиялық жүйемен жауап береді.

Бөлімде электронды өңдеуді қолдану арқылы әлеуметтік төлемдерді есепке алу мен жүзеге асыруды ұйымдастырудың түбегейлі жаңа технологиясы енгізілді, зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер жиынтығы (ОДЖ) құрылған. 

Бөлімде зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға қабылданған өтініштермен бірге барлық кұжаттарды  электронды «Е-макет» бағдарламасы арқылы өңдеп электронды қол қою арқылы электронды макеттердің шешімдері Жамбыл облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен электронды бекітілуде.

Кәзіргі таңда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде мемлекеттік қызмет «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы да көрсетіліліп, жәрдемақы тағайындалады.

Бөлім қызметкерлері атап айтсақ, Г.Тоқбергенова, Б.Қабылбекова, Ж.Есенгелдиева, Р.Исполганова, Ж.Әміралыұлы, Д.Азимханова, Ж.Смайлова егеменді мемлекеттің қалыптасуына қосқан үлесі және жемісті еңбектері үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің, ЗТМО-ның бас директорының, Жамбыл облыстық әкімінің, ЗТМО Жамбыл облыстық филиал директорының, Жамбыл ауданы әкімінің, Жамбыл аудандық маслихаттың құрмет грамоталарымен сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының төрағасының және Жамбыл облысы бойынша филиал директорының грамоталарымен марапатталған. Сондай-ақ,  мұрағатшы Б.Жамбылова да  бөлім көрсеткіштеріне  өз үлесін қосуда.

Осы уақытқа дейін бөлім 2001 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша ЗТМО Жамбыл облыстық филиалдың «Үздік бөлімше», 2007 жылы 1997-2007 жыл аралығындағы қорытынды бойынша және 2012 жылы 1997-2012 жыл қортындысы, яғни 15 жылдың көрсеткіші бойынша облыстық филиалдың «Ең үздік бөлімше» және 2007 жылы Жамбыл ауданы әкімінің «Ең үздік халыққа қызмет көрсету мекемесі» номинациясының иегері атанған. 2020 жылдын қортындысы бойынша да Жамбыл аудандық бөлімі Жамбыл облысы бойынша алдыңғы қатарға ие болды.

Дата публикации
21 июля 2021
Дата обновления
21 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Интернет БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы