Меню

Страницы

Статья

Жамбыл ауданына қарасты ауылдық округ әкімдерінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша елді мекендерде тұрғындармен есептік кездесулер барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Жамбыл ауданына қарасты ауылдық округ әкімдерінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша елді мекендерде тұрғындармен есептік кездесулер барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (2021 жылғы 1 шілдеге)

 

 

№

Іс-шаралар (көтерілген ұсыныстар мен ескертпелер бойынша)

Орындалуына жауаптылар

Орындалу барысы

1

Аса ауылдық округі Рахат ауылына интернет желісін тарту

Аса ауылдық округінің әкімі Б.Қалшымбетов

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап «ТрансТелеком» операторының диллері «NewTelCom» ЖШС Аса ауылдық округіне қарасты Рахат ауылына интернет желісін жүргізуде. Қазіргі таңда өтініш түскен 39 үйге интернет желісі жүргізілді. Интернет жылдамдығы 40 Мбит/сек. Интернет қосу сымсыз түрімен жүзеге асуда. Қосылу құны 35000 теңге (Антенна, wi-fi роутер, барлық монтаждау жұмыстары кіреді). Тарифтер жылдамдығына байланысты 4000 теңге және 4800 теңге көлемінде. Орындалу үстінде.

2

Қаратөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылындағы орталық көшеге асфальт төсеу

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Қаратөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы С.Жанысбаев

Бәйтерек ауылының орталық көшесіне (Сүйінбай көшесі) асфальт төсеу үшін аудандық бюджеттен 29 млн 476 мың теңге қаражат қарастырылып, ағымдағы жылы жұмыс жүргізілетін болады. Орындалу үстінде.

3

Айшабибі ауылдық округі Әулиекөл ауылындағы көшелерді жарықтандыру

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Айшабибі ауылдық округінің әкімі Д.Дәулетов

Әулиекөл ауылындағы көшелерді жарықтандыру үшін мердігер «Сonti-new corporation» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Жобалық құны 1 млн 400 мың теңге. Келісімшартқа сәйкес жұмыстар толығымен аяқталды. Көше жарығын қосу үшін коммуналдық қызметке II нақтылауға қаражат қойылды. Орындалу үстінде.

4

Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылындағы Желтоқсан көшесінің бұрылысына трансформатор орнату

Бесағаш ауылдық округінің әкімі Б.Нигматуллаев

Түрксіб ауылындағы Желтоқсан көшесінің 1, 2 бұрылыстары мен Қарамолда көшелерінің КТП-ны ағымды жөндеу және трансформаторға қосу жұмыстарына биыл 6 млн 94 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Жұмыс аяқталып, аталған көшелер жаңа трансформаторларға қосылу жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде.

5

Ақбастау ауылдық округі Шоқай ауылына клуб салу

Ақбастау ауылдық округінің әкімі Н.Дүзеева

Шоқай ауылындағы жаңа клуб «МакроСтрой» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Ә.Ережепбаевтың және «КнауфГипсТараз» ЖШС-нің директоры М.Бекназаровтың демеушілігімен салынды. Қазіргі уақытта клуб ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, сыртқы абаттандыру, көгеріштендіру жұмыстары жүргізілді. Орындалу үстінде.

6

Жамбыл ауылдық округі Қапал ауылына интернет желісін тарту

Жамбыл ауылдық округінің әкімі Б.Садырбаев

«ТрансТелеком» ЖШС-мен Қапал ауылына интернет желісін тартуға келісімшарт жасалып, интернет құрылғыларын биік бағанаға қою жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде.

7

Жамбыл ауылдық округі Бесжылдық ауылынан тұрғын үй салу үшін жер телімін беру

Аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Тоқтасынов, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Б.Садырбаев

Бесжылдық ауылынан тұрғын үй салу үшін 97 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері жүргізілуде. 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 141724,4 мың теңгеге газ және су құбыры жүргізілді. Бүгінде алқапқа электр бағаналарын орнату және жолға қиыршық тас төсеу жұмыстары қолға алынды. Инфрақұрылым жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін жер телімдері берілетін болады. Орындалу үстінде.

8

Көлқайнар ауылдық округі Қостөбе ауылына электр трансформаторын орнату

Көлқайнар ауылдық округінің әкімі А.Қонаров

Қостөбе ауылына электр трансформаторын 160 вольттан 220 вольтқа ауыстыруға аудандық электр торабы басшысына қызметтік хат жолданды. Орындалу үстінде.

9

Көлқайнар ауылдық округі Еңбек ауы­лындағы Қапал көшесін жарықтандыру

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Көлқайнар ауылдық округінің әкімі А.Қонаров

Еңбек ауылындағы Қапал көшесін жарықтандыру үшін 6 млн 674 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, бюджеттік ұсыным берілді. Орындалу үстінде.

10

Гродиково ауылдық округі Қызылдихан ауылының тұрғындарына «Юнчи» ӨК жерінен 4 гектар жер бөлу

Аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Тоқтасынов, Гродиково ауылдық округінің әкімі Б.Қожабеков

Қызылдихан ауылындағы қорымды кеңейту үшін «Юнчи» өндірістік кооперативі жерінен 4 гектар жер бөлуге келісім алынды. Жерді заңдастыру, құжаттарды рәсімдеу жүргізілуде. Орындалу үстінде.

11

Қызылқайнар ауылдық округі Жасөркен ауылында көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізу

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Қызылқайнар ауылдық округінің әкімі Р.Исаев

Жасөркен ауылындағы Жасөркен көшесін жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 1 млн 250 мың теңгеге «Суранбаев» жеке кәсіпкерлігімен келісімшарт жасалды. Жұмыстар жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес толығымен аяқталды. Орындалды.

12

Қарасу ауылдық округі Шайдана ауылындағы көше бұрылыстарын жөндеу

Қарасу ауылдық округінің әкімі С.Селеубаев

Шайдана ауылындағы көше бұрылыстарын жөндеу жұмыстарына 2 млн 883 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2021 жылдың бірінші және екінші тоқсанындағы нақтылау барысында бюджеттік өтінім ұсынылды. Қаражат күтілуде. Орындалу үстінде.

13

Қарой ауылдық округіне ауызсу жүргізу

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Қарой ауылдық округінің әкімі Т.Тапжанов

Пригородное ауылындағы Абай көшесінің жалғасына, Д.Әлімбетов, Ақсуат, Б.Момышұлы, О.Тәттібаев көшелеріне ауызсу жүйесін жүргізу ІІ жартыжылдыққа жоспарланған. Мемлекеттік сатып алу порталынан ашық конкурс тәсілімен конкурс жарияланып, жеңімпаз «Едимар» ЖШС-і анықталды. Қазіргі таңда жұмыстар толығымен аяқталды. Орындалды.

14

Қарой ауылдық округі Кемел ауылынан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ескерткіш тақтайша орнату

Қарой ауылдық округінің әкімі Т.Тапжанов

Кемел ауылында 26 аула бар болғандықтан, Пригородное ауылына қарасты Қ.Пірімқұлов көшесінің бойындағы скверге ескерткіш тақтайша орнату жоспарлануда. Қазіргі таңда тұрғындармен келісіліп, жасақталған тізімдер бойынша ескерткіш тақтайшалар орнатуға тапсырыс берілді. Орындалу үстінде.

15

Өрнек ауылдық округі Жұма стансасына ағынсу мәселесін шешу

Өрнек ауылдық округінің әкімі А.Мәнтеев

Жұма стансасы «Айтақ» каналының бойында орналасқан. Канал бойында бес су реттегіш орналастырылған. Мамыр айында жөндеу жұмыстары аяқталып, «Айтақ» каналына су берілді. Жұма стансасы ағынсумен толық қамтамасыз етілді. Орындалды.

16

Қаракемер ауылдық округі Сеңгірбай көлінен Сеңгірбай елді мекеніне дейінгі 3 шақырым жолды орта жөндеуден өткізу

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Қаракемер ауылдық округінің әкімі Ж.Әуелбаев

Сеңгірбай көлінен Сеңгірбай елді мекеніне дейінгі 3 шақырым жолды орта жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қаражат бөлініп, «Бақыт таңы» ЖШС-мен келісімшарт жасалған. Келісімшартқа сәйкес сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Бүгінде аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне II нақтылауға ұсынылды. Қаражат қолдау тапқан жағдайда құрылыс жұмыстары жасалатын болады. Құрылыс жобасының құны 75599 мың теңге. Орындалу үстінде.

17

Тоғызтарау ауылдық округі Жаңаөткел ауылындағы ауылішілік көшелердегі электр бағаналарын ауыстыру

Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі М.Шайдаев

Тоғызтарау ауылдық округі Жаңаөткел ауылындағы Ж.Садықов көшесін жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 10 млн 673 мың теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Қаражат күтілуде. Орындалу үстінде.

 

Дата публикации
01 июля 2021
Дата обновления
01 июля 2021
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Интернет БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы