Меню

Страницы

Статья

Білім саласы

Бүгінде аудан бойынша 53 білім мекемесі жұмыс атқарады. Оның 30 жалпы орта білім беретін мемлекеттік мектептер (7 бастауыш, 1 негізгі, 22 орта-10 342 оқушы) және 2 жекеменшік мектеп (Asa Elite school, Мөлдір-233 оқушы). Сонымен қатар, 2 қосымша білім беру мекемесі (М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебі, Техникалық шығармашылығы және кәсіби бағдар беру орталығы) және 1 Педагогикалық – психологиялық түзету кабинеті жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі білім берумен 18 мекеме (10 мемлекеттік, 8 жекеменшік)  балабақша жұмыс жасайды.

Қызметкерлер саны

 Жалпы білім саласында аудан бойынша – 2974 адам қызмет етеді, оның 1638-і педагог (1336-ы штаттық қызметкер (мектептерде – 1543 педагог, мектепке дейінгі мекемелерде –  95 педагог) жұмыс жасайды.

Білім алушылар саны

Мектептерде 2024-2025 оқу жылында аудан бойынша барлығы 10 575 оқушы, оның ішінде 30 мемлекеттік мектепте –10 342 (МАД 667 бала, қоса есептегенде) оқушы, 2 жеке меншік мектептерде – 233 оқушы аяқтады. Мектепке дейінгі мекемелерде 2599 (мем.балабақша – 1010, шағын орталық – 745, жекеменшік бала бақша – 844) бала тәрбиеленуде.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасында  көрсетілген міндеттердің бірі – «Балабақша – жайлылық пен даму мекені» аясында сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету. Бүгінгі күні ауданда 34 мектепке дейінгі ұйымдарда 2486 бала тәрбиеленуде, 284 педагог жұмыс жасайды (10 мемлекеттік бөбекжай бақшасында – 960 бала, 8 жекеменшік бөбекжай-бақшасында – 814 бала, 16 шағын орталықта –712 бала саны ). 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 90,8%,  2 мен 6 жас аралығы – 97,1%-ды, 3-6 жас аралығында - 100% құрайды. Бүгінгі күні аудан бойынша 2-6 жас аралығында 426 бала кезекте тұр. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесін арттыру мақсатында Жол картасына сәйкес 2029 жылға дейін 790 жаңа орындар ашу жоспарланған

Дата публикации
16 февраля 2021
Дата обновления
23 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Интернет БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы