Жамбыл ауданында қазіргі таңда 26 мешіт ресми тіркеуден өткен. Барлық мешіттерде діни қызметкерлер жұмыс атқаруда.
Қазақстан Республикасының 2024-2028 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясаты тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ауданда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осы мақсатта аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы құрылған. Оның құрамында 10 адам болса, соның екеуі – кәсіби дінтанушы және теолог мамандар. Сонымен қатар, бұл топқа ішкі саясат бөлімінің өкілі, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, этно-мәдени бірлестіктер мен ардагерлер кеңесінің өкілдері және облыстық «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Жамбыл ауданы бойынша инспекторы кірген.
2025 жылдың басынан бері түрлі форматтағы іс-шараларға 5 мыңнан астам тұрғын қатысып, 13 тақырыптық билборд орнатылған. Сонымен қатар, басқа діни көзқараста болған 7 азамат оңалту шараларынан өтіп, облыстық дін проблемаларын зерттеу орталығына арнайы хат жолданған.