Меню

Страницы

Статья

Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша цифрландырылған ақпараттық орталықтар туралы ақпарат  

Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша цифрландырылған ақпараттық орталықтар туралы ақпарат

 

     Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 29 кітапхана жұмыс істейді, соның ішінде 1-аудандық орталық, 1-аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, 27-ауылдық кітапханалар.

     Жамбыл ауданы бойынша Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында ауылдық кітапханалар базасында 21 цифрландырылған ақпараттық орталықтар: Айшабибі, Өрнек, Тоғызтарау, Ерназар, Тастөбе, Бесағаш, Гродеково, Шайқорық, Ащыбұлақ, Бектөбе, Еңбек, Бірлесу-Еңбек, Ақбұлым, Қызылқайнар, Қараой, Қаракемер, Жалпақтөбе, Жасөркен, Шайдана, Қоңыртөбе және аудандық орталық кітапханада 2018-2019 жылдар аралығында ашылып, аудан тұрғындарына ақпараттық қызмет көрсетуде.

Әр орталық WI-FI желісі арқылы интернетке қосылып, компьютерлермен жабдықталған.

    Орталықтарда egov.kz электронды үкімет порталы арқылы 20-дан аса анықтамалардың түрлері беріледі. Архив анықтамаларын алу, Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру, ЭЦҚ өтініш беру, зейнетақы қоры анықтамасы, балабақшаға кезекке тұру, жылжымайтын  мүліктер бар/жоғы туралы, сотталған немесе сотталмаған анықтама бар/жоқ, "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну, "Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну, "Фтизиатрия" фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну, тест тапсыруға тіркелу, несие тарихы туралы, салық берешегін қарау және төлеу, вакцинация паспорты, жұмыссыздық, неке туралы, мүгедектік туралы, емханаға тіркелу, АӘК алушының мәртебесі туралы ақпарат. Бүгінгі күнге берілген анықтамалар саны- 1987 анықтама.

   Цифрландырылған ақпараттық орталықтардың қызметі туралы ауыл тұрғындарын құлақтандыру мақсатында сауалнамалар жүргізіліп, жарнама парақшалары таратылып тұрады. Жарнама парақшалары ауыл тұрғындарына қолма-қол таратылып, сондай-ақ, ауыл көшелеріне, дүкендерге, мекемелерге ілінді.Жарнама жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.Бүгінгі күнге жүргілген жарнама саны-105. Сонымен қатар, аудандық «Шұғыла-Радуга» газетіне жүйелі түрде хабарландыру мен мақалалар  жарияланып тұрады.

Дата публикации
01 апреля 2023
Дата обновления
01 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Интернет БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы