Жамбыл ауданы әкімдігінің
ХАБАРЛАМАСЫ
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 сәуірдегі №8 қаулысына сәйкес 2026 жылдың 17 мамырына тағайындалған Ерназар ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты сайлау учаскесі мен шекарасы туралы.
№178 сайлау учаскесі
Учаскенің орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Ерназар ауылдық округі, Ерназар ауылы, Ақшуақ ана көшесі,45, Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Ерназар ауылдық клубының ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекарасы: Ерназар ауылының аумағы.