Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық
бірлестіктердің, олардың құрылымдық
бөлімшелерінің назарына
Жамбыл аудандық мәслихатының
ХАБАРЫ
Жамбыл аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес Жамбыл аудандық учаскелік сайлау комиссияларының босаған орындарын қалыптастыру жөнінде хабарлайды.
|
р/с № |
Комиссия атауы және мекен-жайы |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
|
1 |
№150 учаскелік сайлау комиссиясы (Гродеково ауылы, Ақжол көшесі №7, Гродеково орта мектебінің ғимараты) |
3 |
|
2 |
№151 учаскелік сайлау комиссиясы (Қызылдихан ауылы, Абай көшесі №1, № 4 бастауыш мектебінің ғимараты) |
1 |
|
3 |
№159 учаскелік сайлау комиссиясы (Айшабибі ауылы, Жібек жолы көшесі №114А, Айшабибі ауылдық Мәдениет үйінің ғимараты) |
2 |
|
4 |
№160 учаскелік сайлау комиссиясы (Айшабибі ауылы, Айша бибі көшесі №43А, Айшабибі орта мектебінің ғимараты) |
1 |
|
5 |
№175 учаскелік сайлау комиссиясы (Жамбыл ауылы, Ақтөбе көшесі №2Г, Жамбыл атындағы орта мектебінің ғимараты) |
1 |
|
6 |
№177 учаскелік сайлау комиссиясы (Өрнек ауылы, Бекпенбет Әбілдаұлы көшесі №37, Өрнек ауылдық кітапханасының ғимараты) |
1 |
|
7 |
№471 учаскелік сайлау комиссиясы (Гродеково ауылы, Ақжол көшесі №88В, Гродиково ауылдық Мәдениет үйінің ғимараты) |
1 |
|
Барлығы |
10 |
|
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2026 жылдың 15-30 сәуірі аралығында комиссияларға қатысты келесідей құжаттарды аудандық мәслихатқа тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер (2-қосымша);
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері (1-қосымша).
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері Жамбыл ауданық мәслихаты сайтында сілтеме орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 15-30 сәуірі, дүйсенбі - жұма күндері, сағат 09:00-18:00 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30 аралығы.
1 және 2 қосымшалардың сілтемесі: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-zhambyl
Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қарауға жатпайды.
Жамбыл аудандық мәслихатының төрағасы – М.Б.Шайдаев
Мәслихаттың орналасқан жері: Аса ауылы, Абай көшесі, №123.
Жауапты адам – Спатов Серік Амангелдіұлы, каб. №216, телефон коды (87233), қызметтік 2-12-75,-16-46: электрондық пошта: asa_maslihat@mail.ru.