Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының
1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 17 мамырға Жамбыл ауданында Ерназар ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын;
- 2026 жылғы 17 мамырға тағайындалған Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін;
- Осы қаулы Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Шұғыла-Радуга» газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы Е. Алпысбаев
Комиссия хатшысы О. Затыбеков
Аса ауылы
08.04.2026 ж.
№8