Жамбыл ауданында Ерназар ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

Жамбыл ауданында Ерназар ауылдық округі

әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                4-тармағына, 22-бабына сәйкес Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы           ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Ерназар ауылдық округінің шекарасында сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округі және оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жариялансын.

 

 

Комиссия төрағасы                                                   Е. Алпысбаев

 

 

Комиссия хатшысы                                                  О. Затыбеков 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аса ауылы

08.04.2026 ж.

№7

Дата публикации
08 апреля 2026